«Геологиялық барлау кезеңділігінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 342 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 193 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
«Геологиялық барлау кезеңділігінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16996 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 74-бабы 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Геологиялық барлау жұмыстарының кезеңділігі қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Геологиялық барлау жұмыстарының кезеңділігі қағидалары бекітілсін»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Геологиялық барлау жұмыстарының кезеңділігі қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
К. Кажкенов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»